Жаңалықтар

«Ұятың болса тоқал алып бер». Әзілкеш Мерекенің Арсенге тоқал сыйлағаны рас па?

«Ұятың болса тоқал алып бер». Әзілкеш Мерекенің Арсенге тоқал сыйлағаны рас па?
Фото: instagram.com/merekusha.k 31.10.2023 12:11 2436

Жұлдызды жұп Арсен мен Мереке «Ұйқым келмейді» бағдарламасында әлеуметтік желіде тоқал алуға қатысты тарап кеткен видео жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тоқал алу – бізде өте өзекті мәселе. Оны білдірмей алып жатқандар көп. Қыздардың 99 пайызы тоқал алу туралы тақырыптан қорқады. Алматыға маған ән жаздыруға барғанда Арекеңнің ойына да осы мәселе түсті. Біздің түсіретін барлық әзілдеріміздің сценарийін осы кісі жазады, - деді Мереке Қалбаева.

Әзілкештер отбасы хайп жасау, хит болу мақсат тұтпағанын айтады.

Ол – жай ғана әзіл. Менің анам «сенің ұятың болса Арсенге тоқал алып бер» деген. Ол Арсенді қатты жақсы көреді, бар жақсылыққа лайық деп есептейді. Өмірде ешнәрсеге таңғалуға болмайды. Мен бәріне дайынмын. Біз Арсен екеуміз барлығын әзілге айналдырамыз. Тоқал әкеліп тұрса да, бірнәрсе қылып қайтарып жіберетін шығармыз, - дейді Мереке.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға