Жаңалықтар

«Ұят болды». Роза Рымбаеваның концерті желіде қызу талқыға түсті

«Ұят болды». Роза Рымбаеваның концерті желіде қызу талқыға түсті
Фото: Видеодан алынған кадр 15.03.2024 09:44 28522

Халық әртісі Роза Рымбаева Ақтауда, дауылға қарамастан, ашық сахнада концерт берді. Бұл туралы inAktau.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер жұлдызының концерті 14 наурызда 15-шағын ауданда өтуі керек болған, алайда бұл күні құтқару қызметі Маңғыстау облысының тұрғындарына секундына 20 метрге дейін жел соғатыны туралы хабарлама жіберген. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, әнші концертін өткізу туралы шешім қабылдап, жиналғандар алдында өнер көрсетті.

Біз концертті кейінге қалдырғымыз келген, бірақ Роза Рымбаева бұған үзілді-кесілді қарсы болды. Ақтау тұрғындары аптап ыстықта да, аязды күні де, дауылда да, тіпті сусыз қалған күндері де осы қаланы тұрғызды. Сондықтан бұл концерт – Ақтау тұрғындарына деген құрмет, - деген әнші.

Басылым мәліметінше, Рымбаеваның кешіне облыстық орталықтан 50 шақты ғана адам келген. Желі қолданушылары өнер иесінен ұят болғанын жазып жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 112 - Ақтау - Актау (@112_aktau)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға