Жаңалықтар

«Үй жанындағы дүкендерге қатысы жоқ». Жұманғарин ҚҚС-ның өсуі кімдерге әсер етпейтінін айтты

«Үй жанындағы дүкендерге қатысы жоқ». Жұманғарин ҚҚС-ның өсуі кімдерге әсер етпейтінін айтты
Фото: Pixabay.com 06.02.2025 15:12 153

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығын 20%-ға көтеру кімдерге қатысты екенін түсіндіріп өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Министр қосылған құн салығының өсуі бөлшек саудамен айналысатындарға әсер етпейтіндігін баса айтты.

Біздің үнемі айтатынымыз, бұл халықпен жұмыс істейтіндерге әсер етпейді. Оның ішінде үй жанындағы дүкендер, базар сатушылары, мейрамханалар мен шаштараздар да бар. Олар бөлшек сауда режимінде жылдық айналымы 2,4 миллиард теңгеге дейін 4% салығын әрі қарай да төлей береді. Бұл кәсіпкерлер үшін ештеңе өзгермейді. Реформа ішінара бөлініп кеткен, бизнестің кей саласына әсер етеді. Ал халықпен жұмыс істеу арқылы, базарда сауда жасап, отбасын асырап отырғандарға әсер етпейді, – деп түсіндірді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға