Жаңалықтар

Үй қызметшісі мұра ретінде 2,7 миллион доллар алды

Үй қызметшісі мұра ретінде 2,7 миллион доллар алды
Фото: t.me/ru2ch 06.05.2024 18:33 893

Таиландта бизнесвумен Катрин қатерлі ісікке шалдыққанын білген соң өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Суицид жасар алдында ол шотындағы барлық ақшасын, бағалы бұйымдарын, жылжымайтын мүлкі мен көліктерін және үш мысығын мұра етіп қалдыратын үй қызметшісінің атын жазып кеткен.

Па Тим 17 жыл бойы білетін басшысының бұл әрекетін күйзеліспен қабылдағанын айтады.

Қайтыс болған Катрин өз қызметкерінің адалдығына сенетінін және өзі өлген соң мүлкіне сол иелік ететінін айтқан. Ол өзінің денесін өртеп, күлін шашуды тапсырған.

Па Тимнің төрт баласы бар екен. Ол бұрынғы иесін ақтық сапарға лайықты дәрежеде шығарып салып, оның жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпайтынын тілге тиек етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға