Үй өртеніп, сегіз адам қаза тапты
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
23.05.2024 18:18
877
Ресейдің Истра қаласында хостелден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Таңғы 4:00 шамасында шыққан өрт сөндіріліп, апат себебі анықталып жатыр. Ауданы 80 шаршы метр болатын жалға берілген тұрғын үйден сегіз адамның мәйіті табылған.
Осы дерек бойынша заңсыз көші-қонды ұйымдастыру туралы қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 23 жастағы ер адам жеке үйді жалға алған, ол кейіннен Ресей Федерациясының аумағында тіркелмеген шетелдік азаматтарға тұруға берілген.
Истра қалалық прокуратурасы қылмыстық істі тергеудің барысы мен нәтижелерін, заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар басқа адамдарды анықтамақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды