Жаңалықтар

Утильалымнан босатқан: мамандандырылған ХҚКО басшылары ұсталды

Утильалымнан босатқан: мамандандырылған ХҚКО басшылары ұсталды
Фото: ҚМА/Видеодан алынған кадр 15.10.2024 10:22 317

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында бір топ адамның жүк көліктерін заңсыз бастапқы тіркеу фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, ХҚКО қызметкерлері көліктердің бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша көрінеу жалған деректерді енгізгені анықталды.

Осылайша, олар 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген. Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сомаға төлемдер түспеген. Күдіктілер мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды, сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, - делінген мәліметте.

Күдіктілердің мүлкіне 42 млн теңге көлемінде тыйым салынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға