Жаңалықтар

Утиль алымы туралы заң күшіне енді

Утиль алымы туралы заң күшіне енді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 20.08.2024 16:43 1018

Қырғызстанда бүгін утиль алымы туралы заң күшіне енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соған байланысты, елдің бірқатар заңына өзгерістер енгізіледі. 

Заң бойынша, утиль алымы майлар, аккумулятор батареялары, қорғасын батареялары, электромобильдерге арналған батареялар, автодөңгелектер, электр және электр техникалық жабдықтар, тұрмыстық техника, ішкі жану қозғалтқышының фильтрлері, картон, резина, пластмасса, полимерге енгізілген. 

Енді Қырғызстанның министрлер кабинетінің алдында утиль алымының мөлшерлемесін бекіту міндеті тұр. 

Заң аясында Қырғызстан аумағына импортталатын келесі тауарлар утиль алымынан босатылады: 

-Тегін көмек немесе мемлекет, үкімет, халықаралық ұйымдар арқылы қайырымдылық мақсатта жеткізілген тауарлар;

-Елшілік өкілдіктер немесе консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ олардың қызметкерлері мен отбасыларына тиесілі тауарлар;

-Ұлттық қауіпсіздікті, қорғанысты, құқық қорғау қызметін қамтамасыз ететін және төтенше жағдайды жоюға бағытталған тауарлар. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға