Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender турниріне қатысады

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
13.01.2025 14:09
528
Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Contender Tunis атты ірі турнирге қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жарыс Тунисте 13-16 қаңтар аралығында өтеді. Спортшы 19 жасқа дейінгі (U19) жас санатында ел намысын қорғайды.
Жүлделер үшін Австрия, Алжир, Англия, Болгария, Бельгия, Германия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Малайзия, Польша, Словакия, Таиланд, Тайбэй, Франция, Шотландия, Швеция және Швейцария елдерінің командалары да бақ сынайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алдағы күндері жел күшейіп, тұман түседі