Жаңалықтар

Үшінші сынып оқушысы екі аптаға созылған жөтелден кейін қайтыс болды

Үшінші сынып оқушысы екі аптаға созылған жөтелден кейін қайтыс болды
Фото: iStock 18.03.2025 18:34 344

Мәскеу облысында үшінші сынып оқушысы ұзаққа созылған жөтелден кейін көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

10 жастағы Рита (аты өзгертілген) наурыздың басында тамағы ауырып, қатты жөтеле бастаған. Алайда қызда дене қызуы көтерілмегендіктен, дәрігерлер жағдайды ауыр деп санамаған. Соңында ол жөтел кезіндегі тұншығу салдарынан көз жұмды.

Дәрігерлер қыздың өкпесін тексерместен, оған жай ғана суық тию диагнозын қойған және Тонзилгон дәрісін ішуді ұсынып, бір аптаға үйде қалуды тапсырған. Бірақ оның жағдайы жақсармады. Демалыс күндері анасы оны әжесіне жіберді, алайда қыздың халі нашарлап, таңертең жөтел кезінде тұншығып қалған. Жедел жәрдем жеткенше, Рита көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол қақырыққа тұншығып қалған. Қыздың өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға