Үшінші қазақ боксшысы финалға шықты
Бокстан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Дулат Бекбауов финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Отандасымыз жартылай финалда Грузия боксшысы Лаша Гурулимен кездескен. Төрешілердің бірауыздан шешімімен тараздық боксшы шешуші кезеңге шықты. Енді ол ертең алтын жүлдеге таласады.
Осылайша,үшінші қазақ боксшысы финалға өтті. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Махмұд Сабырхан (54 келі) жеңіске жеткен болатын.
Енді кешкі сессияда Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) шаршы алаңға шығады.
Әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 миллион доллар. Алтын медаль алғандар 200 мың доллар иеленсе, күміске 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі. Сондықтан Қазақстан бокс федерациясының отандық боксшылардан жеңімпаз атанғанына 100 мың доллар береді.