«Үшарал-Достық» жолында қар құрсауынан 9 адам құтқарылды
Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz
23.01.2023 19:46
1476
Жетісу облысы ТЖД-да Алакөл ауданындағы «Үшарал-Достық» автожолында ауа-райының қолайсыздығына байланысты (боран, нөлдік көріну) қар құрсауында адамдар бар автокөліктер тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шақыру орнына дереу Ақши ауылы мен Достық станциясынан құтқару бөлімшелері жіберілді.
23 қаңтар күні таңғы сағат 9.00-де желдің екпіні 30 м/с-тан астам болған қар қырсауына қауіпті «Ырғайты» учаскесінен 3 автокөліктің салонынан 9 адам құтқарылып, Достық станциясына жеткізілді. Құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ауғанстандық студент қыздар Қазақстанда білім алуы мүмкін
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды