Жаңалықтар

Ұшақта темекі шеккен Тәжікстан азаматына 184 мың теңге айыппұл салынды

Ұшақта темекі шеккен Тәжікстан азаматына 184 мың теңге айыппұл салынды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 07.09.2024 07:27 557

Астана әуежайында Тәжікстан азаматына айыппұл салынды. 22 жастағы жас жігіт ұшақ дәретханасында темекі тартқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 5 қыркүйекте «Минск-Астана» бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыны ұстаған.

Тексеру барысында аталған азаматтың әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккені анықталды. Шетелдік азамат ұшақ бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК, яғни, 184 600 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.

Ведомство басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 8 айында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 860-тан астам құқық бұзушы жолаушылар пойыздары мен ұшақтардан түсірілген. Оның ішінде 486-сы жолаушылар пойыздарынан, 376-сы әуе көлігінен акт бойынша түсірілгенін. Ал жалпы жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 63 098 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға