Жаңалықтар

Ұшақта өзін жайсыз сезінген жолаушы қайтыс болды

Ұшақта өзін жайсыз сезінген жолаушы қайтыс болды
Фото: ©pixabay.com 19.03.2024 13:50 3150

«Орал әуежолы» компаниясына тиесілі ұшақта өзін жайсыз сезінген жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 18 наурыз күні кешке Мәскеуден Тәжікстанның Куляб қаласына ұшып бара жатқан әуе кемесінде орын алды. Өзін жайсыз сезінген жолаушыға қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен, жағдайы жақсармаған.

Ұшақ командирі Самараға қону туралы шешім шығарып, ер адамды медициналық қызметкерлердің қолына тапсырды. Ер адам жансақтау бөліміне жеткізіліп, көрсетілген барлық шараларға қарамастан, көз жұмды.

Екі сағаттан соң, ұшақ Тәжікстанға аттанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға