Ұшақ бортында шылым шеккен Қытай азаматы ұсталды

Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
21.07.2023 14:30
711
Ұшақ бортында темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы – Көкшетау бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдері құқық бұзған жолаушыны Көкшетау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне берді, - делінген Polisia.kz ақпаратында.
Полиция қызметкерлері ұшақ бортында темекі шеккен ҚХР-ның 48 жастағы азаматын анықтады.
Оқи отырыңыз:
Аталған факт бойынша шетел азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігімен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті