Ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандықтарды еліне жеткізуге дайынбыз – Бозымбаев
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
26.12.2024 22:39
292
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауда өткен үкіметтік комиссияның баспасөз мәслихатында осылай мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бір Қырғызстан азаматы жансақтау бөлімінде жатыр. Оны тасымалдауға болмайды. Қалған екеуін дәрігерлер «алып жүруге жарайды» десе, билетін алып, киім әперіп, құжаттарын әзірлеп Алматыға ұшақпен жөнелтеміз. Сол жақтан ТЖМ-ның апаттық медицина көлігімен Бішкеке жеткіземіз, - деді Қанат Бозымбаев.
Оның айтуынша, олардың шығынын Қазақстан өзі көтереді.
Сондай-ақ мәйіттерді анықтау жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта Ресей Федерациямен байланыс жолға қойылған. Әзербайжанмен де осы жұмыс ұйымдасқан түрде жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстаулықтар Әзербайжан азаматтарын еліне шығарып салды
Келесі жаңалық
Қазақстанда кедейліктің шегі өзгерді