Жаңалықтар

Ұшақ апатынан қаза тапқан ұшқыштың анасы: Балам жақында ғана алғашқы демалысынан оралды

Ұшақ апатынан қаза тапқан ұшқыштың анасы: Балам жақында ғана алғашқы демалысынан оралды
Фото: t.me/siqnalxeber/видеодан алынған кадр 28.12.2024 14:03 852

Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясының апат болған ұшағының капитаны Александр Калянинованың анасы ұлы туралы естеліктерін бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баласынан айырылған ананың айтуынша, Александр осыдан бір апта бұрын ғана алғашқы демалысынан кейін жұмысқа шыққан.

Ұшардан бір күн бұрын ол маған WhatsApp арқылы осы бағытқа тағайындалғанын айтты. Әдеттегідей ол ұшу және қайту уақытын нақтылады. Александр рейске шыққанда немесе үйге келгенде, мені үнемі хабардар етіп отырады және алаңдамауды сұрайды, - деп еске алады ол.

Сонымен қатар марқұмның жұмыс істеп жатқанынан бір жыл ғана болған.

Оның жұмыс істеп жатқанынан бір жыл ғана болды, тиісінше алғаш рет демалысқа шықты. Александр бұл уақытты Францияда өткізгісі келді. Мен оған: «Саша, сен бұған лайықсың» дедім. Алайда демалыстан оралған соң бір аптадан кейін осы қайғылы жағдай болды, - деді ұшқыштың анасы.

А. Калянинов оқуын 2013 жылы бітірген, бірақ бір жыл бұрын ғана ұша бастаған.

Айта кетейік, 25 желтоқсан күні Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан әуе кемесі Ақтау маңында апатқа ұшырады. Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, ұшақ бортында болған 67 адамның 38-і қайтыс болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға