Жаңалықтар

Ұшақ апаты: Путин Әзербайжан президентінен кешірім сұрады

Ұшақ апаты: Путин Әзербайжан президентінен кешірім сұрады
Фото: Pixabay.com 28.12.2024 18:26 394

Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевке қоңырау шалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кремль мәліметінше, екі елдің көшбасшылары Ақтау маңында болған AZAL жолаушылар ұшағының апатын талқылады.

Путин қайғылы оқиғаның ресейлік әуе кеңістігінде болғанына өкініш білдіріп, кешірім сұрады. Қаза тапқан азаматтырдың отбасыларына көңіл айтты.

Әңгіме барысында кесте бойынша ұшатын Әзербайжанның жолаушылар ұшағы Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға әрекеттенгені айтылды. Бұл кезде Грозный, Моздок және Владикавказға украиналық жауынгерлік ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады, ал ресейлік әуе қорғаныс жүйелері бұл шабуылдарға тойтарыс берді, - делінген Кремль мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға