Жаңалықтар

Үш жылда Қызылорданың су мәселесін толық шешеміз - Нұрлыбек Нәлібаев

Үш жылда Қызылорданың су мәселесін толық шешеміз - Нұрлыбек Нәлібаев
Фото: © СЦК 07.12.2023 15:07 1496

 Қызылорда қаласы үшін де ыстық су проблемасы өзекті. Облыс орталығынң өзі сумен толық қамтамасыз етілмеген. Дегенмен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 3 жылда мәселе толығымен шешілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қазандағы сапарында өңірдің өзекті мәселелеріне қатысты тарихи шешімдер қабылдады. Көпшілікті толғандырған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе қаласына дейінгі аумағын төрт жолақты жолға айналдыру және Қызылорда қаласына ыстық су қосу мәселесі алдағы үш жыл ішінде шешіледі,- деді облыс әкімі.

Нұрлыбек Нәлібаев мемлекет басшысы Үкіметке бұл жобаларға қажет қаржыны бөлу туралы нақты тапсырма берді. Мұны іске асыруға 1,1 триллион теңге жұмсалады деп отыр.  

Айта кетейік, өңірдегі басқа да түйткілдер кезең-кезеңмен шешімін тауып жатыр. Қоғамда жиі талқыланатын «Қызылорда – Жезқазған» автожолы президенттің тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылып жатыр. Жоба құны – 108,5 млрд теңге. Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 104 шақырымы аяқталды. Қалған бөлігі 2025 жылы халық игілігіне беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға