Үш жасар баланың көзіне пышақ кіру оқиғасы: іс неге жабылды?

Петропавл қаласында үш жасар баланың өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бала көз жанарымен асүй пышағына құлап, ауыр жарақат алғаннан кейін көз жұмған. Оқиға 2024 жылдың 19 желтоқсанында орын алған.
Сол күні бала Солтүстік Қазақстан облыстық көпсалалы балалар ауруханасына аса ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер оның сол жақ көз ұясы аймағынан жарақат алғанын анықтады. Баланың анасы оқиғаны «асүйде болған қайғылы оқыс жағдай» деп сипаттады. Оның айтуынша, ол ас дайындап жатқанда, баласы орындықтан құлап, көзін пышаққа тіреп алған.
Дәрігерлер қойған диагноз:
- Жабық бас-ми жарақаты
- Ми шайқалуы
- Сол жақ көз ұясы аймағындағы жарақат
- Екі самай бөлігіндегі гематома
- Миға қан құйылу
Бала бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгенімен, 2025 жылдың 28 ақпанында сәби есін жимастан көз жұмды.
Алғашында «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін бұл іс «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабына қайта сараланды. Бала қайтыс болғаннан кейін іс «Абайсызда адам өліміне себеп болу» бабымен тергелді.
Алайда жақында Петропавл қалалық полициясы бұл қылмыстық істі қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатты.
2024 жылдың 19 желтоқсанында Петропавл қалалық полиция басқармасына үш жасар баланың көз жарақатымен ауруханаға түскені туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл — асүйде болған оқыс оқиға. 2025 жылдың 28 ақпанында бала көз жұмды. Іс ҚР ҚК 104-бабы ("Абайсызда адам өліміне себеп болу") бойынша қозғалды. Алайда досудебелік тергеу барысында қылмыс құрамы анықталмағандықтан іс тоқтатылды, – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне.
