Жаңалықтар

Үш жасар Айя-Софияның өліміне қатысты күдіктілер анықталды

Үш жасар Айя-Софияның өліміне қатысты күдіктілер анықталды
Фото: видеодан кадр 29.09.2024 14:04 673

Полиция Алматы облысында жоғалып, кейін денесі табылған үш жасар Айя-София өліміне күдікті ретінде кімдердің ұсталғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Қыздың анасы мен азаматтық некеде бірге тұрған ер адам қамауға алынған.

Үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматының жанындағы Күш ауылында жоғалып кетіп, бірнеше ай бойы іздеуде болды. Шілде айының соңында полицейлер жоғалған балаға тиесілі сүйек қалдықтарын тапты. Бұл кезде полицейлер қылмысқа күдіктілердің ұсталғанын, бірақ олардың жеке басын ашпаған болатын.

Алматы облысының полиция департаменті қызды өлтірді деген күдікпен кімнің ұсталғанын мәлімдеді. Айтуларынша қазір баланың анасы мен оның бірге тұратын адамы ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынған.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайлар анықтауға бағытталған. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады", - делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында үш жасар Айя София із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бүлдіршін 17 наурызда үйінен шығып кеткен, кейін оны ешкім көрмеген. Қыздың анасы полицияға сол күні кешке хабарласқан. Кейін полиция департаменті Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды біреу өлтіріп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға