Жаңалықтар

«Үш үй мен екі техника өртеніп кетті». Әкім Абай облысындағы ахуал жайлы

«Үш үй мен екі техника өртеніп кетті». Әкім Абай облысындағы ахуал жайлы
Фото: t.me/qr_tjm 13.06.2023 10:47 660

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Үкімет отырысында ормандағы өрт сөндіру жұмыстары қалай жүріп жатқаны жөнінде баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ормандағы өрттің жалпы ауданы 60 мың гектарды құрайды. Оның 43 мың гектары – белсенді термо нүктелер, елді мекендерге қаупі жоқ.

Қазіргі таңда өрт сөндіру жқмыстары екі бағытта жалғасып жатыр. Шығыста өрт тоқтату үшін жеке құрамнан 300-ден астам адам, 30-дан астам бірлік техника, екінші бағыт бойынша 200-ден астам жеке құрам және 40-тан астам бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Жалпы, өртті жоюға 1532 адам, 321 техника және 14 тік ұшақ жұмылдырылды. Техниканы отынмен қамтамасыз ету үшін әкімдік 20 тонна жанармай жіберді, - деді ол.

Қазіргі таңда өрт салдарынан 3 үй және 2 техника өртеніп кеткенін және өрт кезінде уланып қалған азаматтардың жағдайы жақсарғанын айтты.

Орман шаруашылығының екі қызметкерінің жағдайы қазір бірқалыпты. Жоғалып кеткен тракторшы Сергей Архиповты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Кеше тракторшының тракторы табылды. Қазіргі таңда оның орналасқан жерін табу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді Нұрлан Ұранхаев.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Успенский орманшылығының қайтыс болған 14 орман қызметкерінің отбасыларына көмек көрсетіледі. Сондай-ақ өрттен жапа шеккен адамдарға да көмек берілетінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға