Үш қазақстандық үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысады

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
17.02.2025 12:23
675
17-25 мамыр аралығында Қатарда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, әлем біріншілігінде медальдар жекелей сында, ерлер мен әйелдер жұптық жарысында, сондай-ақ аралас жұптар сайысында сарапқа салынады.
Жекелей жарыста 128 теннисші (оның ішінде 32 рейтингте жоғары ойыншы) бақ сынайды, ал жұптық сайыстарға 64 жұп (16 рейтингте жоғары жұп) қатысады.
Қатарда Қазақстан намысын Кирилл Герасименко (жекелей сын), Сарвиноз Миркадирова мен Зауреш Акашева (жұптық сын) қорғайды.
Айта кету керек, іріктеуден өткен кейбір спортшылар әлем чемпионатына қатысудан бас тартса, Қазақстанның қосымша ойыншылары да бұл жарысқа қатысуы мүмкін.
Бөлісу:
