Жаңалықтар

Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: El.kz 27.05.2023 07:24 843

27 мамырда Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» таратқан ақпаратқа сәйкес, Петропавл, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға