Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
13.04.2025 09:02
365
13 сәуірде еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Cиноптиктердің болжамына сүйенсек, Атырау, Ақтөбе, Алматы.қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:
- Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
- Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
- Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
- Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жапониядағы танымал әуежай өз салмағынан суға кетуі мүмкін
Келесі жаңалық
Еліміздің үш қаласына жаңа атау беріледі