Үш өңірде республикалық маңызы бар жолдар жабылды

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы таратқан мәләмет бойынша, еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесіне шектеу енгізілген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақмола облысында екі тасжолдың үш бөлігі жабылды:
«Астана-Петропавл» күре жолының Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді;
«Астана-Петропавл» күре жолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан өңірінің шекарасына дейінгі аралық жол қозғалысы үшін жабық;
«Көкшетау-Омбы» тасжолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық;
Батыс Қазақстан облысында:
«Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолында Бөрлі ауылынан Ақсай қаласына дейін қозғалыс шектелді;
Солтүстік Қазақстан облысында 5 учаске жабылды:
«Челябинск-Новосибирск» тасжолының Петропавл мен Булаево қалаларының арасында жол қозғалысына шектеу енгізілді;
«Астана-Петропавл» тасжолында Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралық жабық;
«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Явленка және Бескөл ауылдарының арасы жабық;
«Петропавл-Соколовка-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді;
«Көкшетау-Омбы» тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Кішкенекөл ауылына дейінгі аралығында жол қозғалысы шектелді.
