Жаңалықтар

Үш облыста көлік қозғалысы шектелді

Үш облыста көлік қозғалысы шектелді
Фото: gov.kz 01.03.2023 20:25 746

Сағат 20:00-дегі ақпаратқа сәйкес 3 өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жүк және қоғамдық автокөліктің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАвтожолға сілтеме жасап.

Абай өңірінде «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі аралығы мен «Өскемен-Семей» тасжолының ШҚО шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығы жабық.

Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығы мен БҚО-дан Қобда ауылына дейінгі аралық жабық.

Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығында қозғалыс шектелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға