Жаңалықтар

«Үш келі салмақ тастадым». Әли Оқапов орденге қатысты жанжалдан кейін емделіп жатқанын айтты

«Үш келі салмақ тастадым». Әли Оқапов орденге қатысты жанжалдан кейін емделіп жатқанын айтты
Фото: instagram.com/aliokapov 07.11.2023 14:04 1488

Отандық әнші Әли Оқапов «Құрмет» орденіне қатысты даудан кейін әлеуметтік желіде парақшасында қазіргі жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қайтып оралатын уақыт келді деп ойлаймын. Мен тағы да видеоүндеу түсіремін деген едім, бірақ оны сериалға айналдырғым келмейді. Жақында өз ойымды толық жеткізген бір сұхбатым шығады. Енді бұл тақырыпты қозғамаймын. Келіп жатқан қоңырау да, ұсыныс та көп. Сондықтан аз уақытқа үзіліс алдым. Бұл оқиғадан кейін қызуым көтеріліп, ауырып қалдым. Әлі күнге дейін емделіп жатырмын. Күйзелістен 3 келі салмақ тастадым. «Ұрысты тек қарттар бастайды» деген сөз рас екен, - деп жазды әнші.

Әли Оқапов бұл оқиғаның өзіне және жақындарына қатты әсер еткенін айтады.

Отбасым әрдайым қасымда. Біз бұл жағдайдан шығу үшін шетелге барып, демалып келеміз деп шештік. Сапардың Зейінге пайдасы тигені анық. Балалар демалыста тез өсіп, дәрумендер алады. Ал үлкендердің демалыста ойлануға мүмкіндігі бар. Бірақ ештеңені ойламаған дұрыс. Қолдап жатқан барлық жанашыр жандарға алғысымды айтамын, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға