Үш ер адам дәретханаға түскен телефонды аламыз деп көз жұмды
Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
28.04.2023 18:45
1934
Өзбекстанның Сырдария облысында үш адам сыртта орналасқан дәретханаға түсіп кеткен телефонды алуға тырысып жатқан кезде көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Podrobno.uz мәліметіне сәйкес,оқиға 27 сәуірде Сырдария облысы Сардоба ауданыннда болған.Үй иесінің телефоны шұңқырға түсіп кеткен. Ер адам әкесі мен інісін көмекке шақырған. Үшеуі де гаджетті алу үшін дәретханаға түсіп, есінен танып қалған. Ер адамдар сол жерде көз жұмды.
Прокуратура жазатайым оқиға салдарынан ер адамдар қаза тапқанын, сақтық шараларын сақтағанын атап өтті. Аудандық ведомство бұл жағдайға қатысты тексеру жүргізіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды