Жаңалықтар

Үш баласын айуандықпен өлтірген маңғыстаулық өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Үш баласын айуандықпен өлтірген маңғыстаулық өмір бойы бас бостандығынан айырылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 28.06.2023 10:48 1172

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігіне сәйкес аса қатыгездікпен жасалған, дәрменсіз күйдегі 3 жас баланы өлтірді деп айыпталушы Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәлімдеінше, сотталушы Е. балтамен және ас үй пышағымен үйге қасақана келіп, үш жас баласын ерекше қатыгездікпен өлтіргені анықталған. Қылмыс жасаған адамның кінәсі жәбірленушінің, сотталушының өзінің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа материалдарымен дәлелденді. 

Прокурор сотталушыны кінәлі деп тануды және өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындады, істеген ісіне өкінетінін айтты. Осы баптың санкциясы 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны қарастырады.

Сот үкімімен Е. ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған кәмелетке толмаған балаларға байланысты қызмет   атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға