USAID-ті жабу және ЛГБТ-ға тыйым салу: елімізде жаңа петиция басталды
![USAID-ті жабу және ЛГБТ-ға тыйым салу: елімізде жаңа петиция басталды USAID-ті жабу және ЛГБТ-ға тыйым салу: елімізде жаңа петиция басталды](/storage/storage/element/2025/02/11/mainphoto/142052/1200xauto_Bv5YdHTsPpwyaP3auwPXr9UXub8T8rjgQBkpVehX.png)
Қазақстан азаматы Бағила Балтабаева елімізде USAID ұйымының өкілдігін жауып, ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды талап ететін петицияны бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам белсендісі epetition.kz сайтында осындай бастама көтерген.
Қазақстанға егемендікпен бірге сырттан кірген қасіреттің бірі ЛГБТ ұйымдарының астарлы саясатымен үгіт-насихаттары болды. Бір жынысты қарым-қатынасты ашық түрде насихаттаған бұл ұйымдардың ұлтқа балташабар іс-әрекеттерінің ұрпақ үшін тигізген зияны орасан!
Аз халықтың жартысы бір жынысты болып кетсе, ұлт ретінде жойылу қаупі айтпаса да белгілі. Әр мемлекетті ішінен іріткі салып ыдырату үшін сол мемлекеттің өскелең ұрпағының санасына қол сұғады, сол арқылы құйтырқы мақсаттарына жетеді. Сол сияқты Қазақстан мемлекетінде азғындық бағытында жұмыс істеп келген USAID (АҚШ Халықаралық даму агенттігінің) ұйымының жабылуына АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі бұйрық берді. Бұл ұйым өз қызметін барлық мемлекетте тоқтатып жатыр. Мысалы, таяуда Әзербайжан USAID-тың қыметіне тыйым салды. Сондықтан олардың Қазақстаннан да кетуін және оған тыйым салынуын талап етеміз! – деп жазды ол.
Дегенмен петиция әзірге 50 дауыс жинаған жоқ, сондықтан модерациядан да өтпеді.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)