US Open: қазақстандық теннисші финалға шықты

Фото: Ktf.kz
Фото: Ktf.kz
07.09.2023 09:12
1541
Қазақстандық теннисші Анна Данилина аралас жұптық сында АҚШ Ашық біріншілігінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
7 қыркүйекке ауған түні US Open-2023 жартылай финалдық матчы аяқталды. Қазақстандық Анна Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен дуэтте Ена Шибахара (Жапония) – Мате Павич (Хорватия) жұбын жеңді.
Кездесу 7:6, 6:4 есебімен аяқталды.
Данилина – Хелиоваар жұбының қарсыласы әлі анықталған жоқ.
Ал финалдық матч 9 қыркүйекте өтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Хромтауда әйел бесінші қабаттан секірмек болды