Ұрылар баскетболшының әлеуметтік желі арқылы өтінішінен соң паспортын қайтарған
Осыдан бірер күн бұрын «Париж» баскетбол клубының ойыншысы Надири Ифидің көлігіне ұрылап түсіп, салондағы жеке заттарының бәрін үптеп кеткен. Баскетболшы көп ойланбастан әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасап, ұрыларға паспортын қайтаруды сұраған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Париждің» 22 жастағы қорғаушысы Надири Ифидің Елисей алаңындағы тұрақта тұрған көлігіне ұры түскен. Осы жайттан соң ол әлеуметтік желіде үндеу жасап, тек құжаттарын қайтаруды сұраған.
Елисей алаңындағы көлігімнен заттарымды ұрлап кеткен адамдарға айтар өтінішім, маған саяхаттау үшін паспортым ғана керек. Ақша, сағат пен өзге де заттарды алып қала беріңіздер, - деді баскетболшы.
Осыдан соң ойыншының төлқұжатын қайтарып берген, бұл туралы Надиридің өзі айтып, ұрыларға алғысын да білдірді.