Жаңалықтар

Үрімшідегі ең көне мешіт: шаһардағы маңызды ислам орталығы жайлы не білеміз

Үрімшідегі ең көне мешіт: шаһардағы маңызды ислам орталығы жайлы не білеміз
Фото: El.kz/Мадина Асылбекова 10.09.2024 13:41 631

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасы әсіресе соңғы жылдары беки түсті. Мұның екі жаққа да тиімді тұстары көп. Себебі Қазақстанға инвесторлар, туристер санының артуы маңызды. Дәл сол сияқты Қытай да елімізді мүмкіндіктер алаңы ретінде қарастыратыны анық. Бұдан бөлек қазақстандық туристерді табиғатының әралуандылығымен, жаңа технологияларымен, сауда-саттықпен қызықтыруды көздейді. Сол үшін де Қазақстандағы Қытай елшілігі отандық тілшілер тобын жинап, Аспанасты елінің мол мүкіндігімен таныстыруды дәстүрге айналдырған. Ал бұл жолы тілшілер тобы Шыңжаң-ұйғыр автономиялық округінің орталығы саналатын Үрімші қаласына ат басын бұрды. Ал іссапардың алғашқы күні қаладағы ең ірі мешіттердің бірі саналатын халықаралық мешіттен басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бүгінде Қытайда 30 миллионға жуық мұсылман тұрса, соның ішінде Ислам дінін ұстанатындардың ең көп шоғырланған бөлігі осы Үрімшіде өмір сүреді. Сондықтан да болар, деректерде осы бір шаһардың өзінде ірілі-ұсақты 400-ге жуық мешіт бар екені көрсетілген. Бұл дегеніміз – әр шақырымға бір мешіттен келеді деген сөз. Ал солардың арасында ең танымалы кезінде шетелдік кәсіпкерлердің мұрындық болуымен бой көтерген – шетелдік мешіт. Көпшілік оны татар мешіті деп те атайды.

Үрімшідегі ең көне мешіт: шаһардағы маңызды ислам орталығы жайлы не білеміз

1896 жылы бір ғана бөлме ретінде салынып, кейіннен жергілікті мұсылман қауым мінәжат ететін жерге айналған бұл мешіт туристер арасында да өте танымал.

Ал 90-жылдары халықаралық сауда палатасының өкілдері мешіттің қайта құрылыс жұмыстарына атсалысқан. Бүгінде мешіттің жалпы аумағы 5 мың шаршы метрді құраса, ғимараттың аумағы 3 мың шаршы метрге тең. Мешіт дәстүрлі ислам стилінде салынған. Күмбезі алтын түстес, ал қабырғалары мен есіктері әртүрлі ою-өрнекпен және геометриялық фигуралармен көмкерілген.

Үрімшідегі ең көне мешіт: шаһардағы маңызды ислам орталығы жайлы не білеміз

Мешіттің бас имамы Абдраим Исламның сөзіне қарағанда, келушілер санын күніне 200-ден асады. Олардың арасында қазақтар, ұйғырлар, қырғыздар мен өзге де мұсылмандар бар.

Қытай Халық Республикасы құрылған соң, осында тұратын мұсылмандарға құлшылық ететін орын қажет болды. Осы мақсатта үкімет бұл мешіттің аумағының үлкейіп, бүгінгі қалыпқа енуіне көмектесті. Бүгінде мұнда бір уақытта 2 мыңға жуық адам намаз оқи алады. Ал қолданылған құрылыс материалдары дыбыстың тұнық шығуына әсер етеді. Инфрақұрылым өте ыңғайлы, себебі жаздыгүні салқындатқыш жұмыс істеп тұрса, қыстыгүні орталық жылу жүйесіне қосылады. Яғни келушілерге қолайлы жағдай жасалған. Мешітке күніне 200-ге жуық адам келсе, жұма күндері олардың саны 400-ден асады. Өздеріңіз білесіздер, Үршімші – көпұлтты шаһар. Осында тұратын мұсылман қауымнан бөлек бұл мешітке Қазақстаннан, Қырғызстаннан немесе өзге елдерден келген қонақтар да міндетті түрде бас сұғады. Мешіттің есігі барлығына ашық, - деді мешіттің бас имамы Абдраим Ислам.

Үрімшідегі ең көне мешіт: шаһардағы маңызды ислам орталығы жайлы не білеміз

Жалпы, соңғы деректерге сәйкес Қытайда 39 мыңға жуық мешіт бар екен. Ал біз барған татар мешітінің қолданысқа берілгеніне бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, салыстармалы түрде оны жаңа деп айтуға болады. Себебі әлемдегі ең ескі мешіттердің бірнешеуі дәл осы Аспанасты елінде орналасқан. Цюаньчжоу, Гуанчжоу, Янчжоу және Ханчжоу қалалары мен округтерінде бой көтерген мешіттер сонау Тан және Сун әулеттерінің заманында салынған. Айталық, Гуанчжоу қаласындағы Хуайшэн мешітінің мұнарасына қарап-ақ оның негізі 1300 жылдан астам уақыт бұрын қалынғанын аңғару қиын емес. Тарихи деректерде оны Орталық Азия мұсылмандары Мұхаммед пайғамбардың құрметіне арнап салғызғаны көрсетілген. Кейіннен өртке оранған ғимарат 1695 жылы қайта бой көтерді. Сондықтан да мешітті салу кезінде дәстүрлі қытай сәулет өнері сақталған.

Үрімшідегі ең көне мешіт: шаһардағы маңызды ислам орталығы жайлы не білеміз

Бұдан бөлек Сианьдағы мешіт те байырғылардың бірі саналады. Оның негізі 742 жылы қаланып, ғасырлар бойы талай жөндеу жұмыстары жүргізілген. Онда қытай мен ислам мәдениетінің тоғысуын көруге болады.   

Үрімшідегі ең көне мешіт: шаһардағы маңызды ислам орталығы жайлы не білеміз

Үрімшідегі ең көне мешіт: шаһардағы маңызды ислам орталығы жайлы не білеміз 

Үрімшідегі ең көне мешіт: шаһардағы маңызды ислам орталығы жайлы не білеміз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға