ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері Минскіде кездесті
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
25.05.2023 22:27
610
Министрлер кеңесіне Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы Беларусь Республикасының ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде өтті.
Қорғаныс ведомстволарының басшылары Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери қауіпсіздігіне төнетін қатерлер тұрғысынан дағдарыстық ден қою жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.
Отырыста сондай-ақ 2024 және 2030 жылға дейінгі кезеңге ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын, басқару органдары мен құралымдарын бірлесіп даярлау іс-шараларының тізбесі айқындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенатта 2022 жылғы республикалық бюджеттің есебі таныстырылды