Жаңалықтар

ҰҚШҰ ПА миссиясы Қазақстандағы Парламент сайлауының нәтижелерін мойындады

ҰҚШҰ ПА миссиясы Қазақстандағы Парламент сайлауының нәтижелерін мойындады
Фото: El.kz 20.03.2023 11:41 956

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының миссиясы Қазақстандағы парламенттік сайлауда заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  ТАСС сілтеме жасап.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік ассамблеясының (ҰҚШҰ) миссиясы еліміздің Орталық сайлау комиссиясы қорытындылайтын Қазақстандағы парламенттік сайлаудың нәтижелерін таныды. Бұл туралы брифингте миссия үйлестірушісі, Беларусь парламенті төменгі палатасының қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясы жетекшісінің орынбасары Александр Маркевич мәлімдеді.

Оның айтуынша,  сайлау халықаралық стандарттарға сай өтті және сайлау учаскелеріндегі қауіпсіздіктің жоғары деңгейде болды.

Біз дауыстарды санау кезінде бюллетеньдерді беру, көрнекі үгіт жүргізу тәртібінде, дауыс беру процесінің өзін ұйымдастыруда бұзушылықтарды анықтаған жоқпыз, бұл туралы халықаралық байқаушылар тобы біздің қорытындымызда атап өтті, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға