Жаңалықтар

ҰҚК Жамбыл облысында арнайы операция жүргізді

ҰҚК Жамбыл облысында арнайы операция жүргізді
Фото: gov.kz 13.03.2023 12:13 1007
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, арнайы операция барысында заңсыз қару және жалған АҚШ долларын сатумен айналысқан қылмыстық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталған.
"Операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, атқыш қару, оқ-дәрі, сонымен қатар жалған банкноттарды әкелудің тұрақты қылмыстық жүйесі анықталды", – делінген хабарламада.

Жасырыну шараларын қатаң сақтап, заманауи техникалық байланыс құралдарын қолдануы қылмыскерлердің әрекетін әшкерелеуде қиындық тудырған.

ҰҚК өкілдерінің мәлімдеуінше, күдіктінің заңға қайшы әрекеті еліміздің қоғамдық-экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндірген.

"Дер кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнес жойылды. Заңсыз айналымнан 4 қару: "Калашников»" автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтар, 450-ден астам оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған АҚШ доллары алынды", – деді комитеттің баспасөз қызметі.

Ұсталған адам қылмысын мойындап, ҚР ҚПК 128-бабы негізінде сот рұқсатымен 2 айға тергеу изоляторына қамалған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға