ҰҚК терроризмді насихаттағандардың қалай ұсталғанын көрсетті

Фото: ҚР ҰҚК
Фото: ҚР ҰҚК
18.02.2025 10:58
472
17 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен, полицияның көмегімен Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК мәліметінше, терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды.
Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Табысын өтірік көрсеткен». Салықшылар блогерлердің ізіне түсті
Келесі жаңалық
Елордада «Цифры сот орындаушысы» тімділігін көрсетті