Жаңалықтар

ҰҚК терроризм бойынша күдікке іліккен азаматты елге қайтарды

ҰҚК терроризм бойынша күдікке іліккен азаматты елге қайтарды
Фото: ҚР ҰҚК 19.11.2024 13:22 356

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада Түркияның Анталия қаласынан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ҚР азаматын алып келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу материалына сәйкес, ол біраз уақыт бұрын Сирияға аттанып, қарулы топтардың біріне қосылған. ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, содан кейін Түркияға келіп, сол жерде оны полиция ұстаған.

Оның өз еркімен Қазақстанға оралып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды.

ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Ол сот санкциясымен қамауға алынды, - делінген мәліметте.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға