Жаңалықтар

ҰҚК Шекара қызметі бір жылда 7 млрд теңгеден астам шығынның алдын алды

ҰҚК Шекара қызметі бір жылда 7 млрд теңгеден астам шығынның алдын алды
Фото: Видеодан кадр 04.01.2024 00:35 902

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып жүйелі жұмыстар атқарды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz

Шекара кеңістігінде 35 487 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылар  ұсталған. Оның 1094-ы шетел азматтары.
Мемлекеттік шекара арқылы 8 026 заң бұзушылық анықталған. Атап айтқанда: 

444 – есірткі заттары, жалпы салмағы 1 тоннадан астам;
389 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (36 дана ату қаруы, 986 дана оқ-дәрілер, 4 001 дана суық қару, 125 арнайы құралдар);
279 – діни әдебиеттер (7 103 дана);
3 112 – жалпы сомасы 213 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (429 107 литр);
2 986 – жалпы сомасы 12,4 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
816 – жалпы сомасы 11,7 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.

Ал Каспий акваториясында 384 браконьерлік фактілерінің жолы кесілді. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 738 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары, 3 463 (20 276 кг) бекіре тұқымдас балықтар, 23 250 (10 238 кг) шаян тұқымдастар, 45 332 (67 899 кг) ұсақ тұқымдас балықтар тәркіленді. 

Алды алынған шығын сомасы 7 млрд астам теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар заң бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді,  -делінген ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға