ҰҚК қызметкерлері бірнеше өңірде арнайы операция бастады
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
17.02.2024 14:23
893
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгін еліміздің бірнеше өңірінде құрамында деструктивті діни ағымды ұстанушылар бар қылмыстық топтардың іс-қимылының жолын кесу бойынша операцияны бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында арнайы операцияны бастаған.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері жақын күнде жарияланады.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды
- Жырақтан жұмақ іздегендер. Сирияға сандалғандарға қалай тоқтау болмақ?
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды