ҰҚК қызметкерлері 100 келіден аса героин тәркіледі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министірлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҰҚК жедел қызметкерлері жедел зерделеу барысында есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге шет елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпаратқа қол жеткізді.
Кезең кезеңімен есірткіні тасымалдаудың жолдары мен айламен әкелу схемалары анықталды.
Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткіні өткізуді ұйымдастырушының өзі болып табылатын шетелдік азаматтың Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды.
Жедел қызметкерлердің және «А» Арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды.
Материал Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Халықаралық есірткі трафигі арналарының жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда.