ҰҚК қазақстандықтан 13 келі мефедрон тәркіледі

Фото: ҚР ҰҚК
Фото: ҚР ҰҚК
28.02.2025 14:22
130
ҰҚК Жамбыл облысы және Алматы қаласы бойынша департаменттері прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК мәліметінше, сот санкциясымен Қазақстан азаматы ұсталып, қамауға алынды. Одан 13 келі психотроптық «мефедрон» зат тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жеңіске дейін 100 күн: Қарағандыда музыкалық челлендж өтеді
Келесі жаңалық
8 наурызда қазақстандықтар қалай демалады