Жаңалықтар

ҰҚК мен Шекара қызметі академиясының түлектеріне диплом табысталды

ҰҚК мен Шекара қызметі академиясының түлектеріне диплом табысталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі 24.06.2023 12:54 1198

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы мен Шекара академиясының курсанттары бірге оқу орындарымен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Салтанатты жағдайда ҰҚК басшылығы 259 түлекке, оның ішінде 20 үздік курсантқа дипломдар мен төс белгілер тапсырды.

ҰҚК Төрағасының орынбасары М. Қалқабаев құттықтау сөздерін жеткізіп, білікті мамандар әзірлегендері үшін оқу орындарының оқытушы құрамына алғыс білдірді. Ол түлектерге ұлттық қауіпсіздік органдарындағы қызмет мықты адамдардың үлесінде бола беретінін атады. Сонымен қатар, қызметтік іс-қимыл учаскелерінде еліміздің мүддесін қорғайды деген сенімін білдірді. 

Іс-шара жауынгерлік тумен қоштасу және жуықта ҰҚК мен Шекара қызметінің офицерлік құрамын толықтыратын түлектердің салтанатты маршына ұласты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға