Жаңалықтар

ҰҚК есірткіні контрабандалық жолмен кіргізудің жолын кесті

ҰҚК есірткіні контрабандалық жолмен кіргізудің жолын кесті
Фото: ҚР ҰҚК 26.06.2023 22:18 1190

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға ірі көлемдегі есірткі заттарын кіргізудің кезекті әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2023 жылғы 31 мамырда Жамбыл облысының Қордай ауданындағы «Қарасу» өткізу пунктінде шекара наряды шетелдік азамат тізгіндеген жүк көлігін тоқтатты.

Көлік құралын тексеру барысында өзге тауарлардың арасына жасырылған 800 келіге жуық каннабис шайыры табылды.

Тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 6 млн АҚШ долларынан аса сомада бағалануда.

ҰҚК органдары есірткі заттарын заңсыз тасымалдау және өткізу фактісі бойынша Прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында тәркіленген есірткі заттары Ресей Федерациясындағы қылмыстық топ мүшелеріне арналғаны анықталды.

Ресейдің құзыретті органдарымен бірлескен іс-шаралар барысында есірткі трафигінің ұйымдастырушылары құрықталды.

Қылмыстық істің өзге де мән-жайлары ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

Есірткі контрабандасы арналарының жолын кесу бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға