Жаңалықтар

ҰОК мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҰОК мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Фото: ҰОК 24.04.2025 21:29 129

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің төрағасы Геннадий Головкин мен Қорғаныс министрі, спорттық және жауынгерлік самбодан федерацияның президенті, генерал-полковник Руслан Жақсылықов  өзара ынтымақтастық жөніндегі құжатқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар әскери қызметшілер арасында олимпиадалық қозғалысты қолдау, спорттық инфрақұрылымды жақсарту және армия спортшыларын дайындау тиімділігін арттыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Геннадий Головкин Қорғаныс министрлігінің олимпиада спортшыларын дайындауға көрсетіп жатқан қолдауын жоғары бағалайтынын жеткізді.

ҰОК мәліметінше, Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетінде 12 олимпиадалық спорт түрі дамытылып жатыр. Орталық спорт клубында 131 спортшы жаттығады. Өткен жылы әскери қызметшілер Олимпиада ойындарына 21 жолдама жеңіп алды. Олардың төртеуі Париждегі Олимпиадада жүлдегер атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға