Жаңалықтар

Университет студенттері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің офицерлерімен кездесті

Бұл туралы Қорғаныс министрілігі мәлім етті
Университет студенттері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің офицерлерімен кездесті
Фото: gov.kz 11.02.2023 19:20 1037

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің офицерлері Satbayev University студенттерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Кәсіптік бағдар беру тобының құрамындағы әскери қызметшілер аяқтаушы курстың студенттеріне Десанттық-шабуылдау әскерлеріндегі қызметтің артықшылықтары, әскери әлеуметтік пакет және жас мамандарға қанатты жаяу әскер қатарына қалай қосылуға болатыны туралы айтып берді.

Satbayev University немесе Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – өнеркәсіп қажеттіліктері үшін жоғары білікті мамандарды даярлайтын елдегі ең ірі ғылыми-әдістемелік орталық.

Жоғары оқу орнының әскери кафедрасында запастағы офицерлер мен сержанттарды дайындайды. Біз автоматтандырылған басқару жүйелерінің, артиллерияның, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің және зымыранды-артиллериялық қару-жарақ қызметінің мамандарын оқытып, шығарамыз. Біздің студенттер негізгі мамандыққа байланысты екінші мамандық алады. Бұл оларға жоғары оқу орнын бітірген соң келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге мүмкіндік береді, – деді әскери кафедра бастығы генерал-майор Василий Рысбаев.

Сондай-ақ бұл әскери кафедра ашылғалы мұнда 30 мыңнан астам запастағы офицер даярланғанын атап өтті. Түлектердің кәсіби деңгейі әскери институттардың офицерлерін даярлау деңгейінен кем түспейді. Айтпақшы, бұл әскери кафедрада қазіргі зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысы генерал-майор Асқар Жоламанов білім алған.

Біздің әскерде қызмет ету оңай емес! Десанттық-шабуылдау әскерлеріндегі қызмет – нағыз ер адамдардың ісі. Сен парашютпен секіріп, қоян-қолтық ұрыстың тәсілдерін үйренесің, дәл ату дағдыларын, заманауи техника мен қару-жарақты меңгересің. Сенің мұнда мықты жауынгерлік жолдан өтуіңе жақсы мүмкіндігің бар, – деді жастарға Десанттық-шабуылдау әскерлері командирінің отпен талқандау жөніндегі орынбасары полковник Ерлан Әлиқұлов.

Кездесу барысында офицерлер оларға ауқымды мүмкіндіктер, бастысы, Отан қорғаушының лайықты әлеуметтік пакетімен нығайтылған тұрақтылыққа кепілдік беретін келісімшарт бойынша әскери қызмет етудің шарттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға