Жаңалықтар

Универсиада: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 3-орында тұр

Қазақстан 3 алтын, 1 қола жүлдемен үшінші орынға көтерілді
Универсиада: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 3-орында тұр
Фото: prosports.kz 19.01.2023 09:01 3318

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде үшінші орынға жайғасты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков 10 шақырымға спринт жарысында чемпион атанды. Аталған жарыста қазақстандық тағы бір биатлоншы Александр Мухин қола жүлдені еншіледі. Нәтижесінде аталған сайыста ел құрамасы бір алтын, бір қола медаль алды.

2023 жылғы қысқы универсиаданың медальдар кестесінде Жапония көш бастап тұр: 14 алтын, 9 күміс және 3 қола медалі бар. Екінші орында Финляндия - 3 алтын, 1 күміс және 1 қола еншіледі. Қазақстан 3 алтын, 1 қола жүлдемен үшінші орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін биатлоншы Вадим Куралес пен шаңғымен секіру спортынан Данил Васильев чемпион атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға