Универсиада Ойындарында Қазақстан таеквондошылары қола медаль иеленді
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz
05.08.2023 13:19
1505
Қытайда өтіп жатқан Универсиада Ойындарында таеквондодан командалық есепте ел құрамасының спортшылары қола жүлде иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абдурахмон Марипов, Бейбарыс Қабылан, Бексултан Мұсахан және Шамсат Дуйсенов командалық жарыста үздік үштікке еніп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстандық таеквондошылар жартылай финалда Иран құрамасынан жеңіліп, үшінші орынға тұрақтады. Тағы бір қола жүлдені қытайлық спортшылар еншіледі.
Оңтүстік Корея спортшылары аталған сында чемпион атанса, парсы спортшылары екінші орынға тұрақтады.
Универсиада Ойындарында Қазақстан спортшылары барлығы 14 медаль иеленді. Оның 1біреуі алтын, 5-і күміс және 8-і қола медаль.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміз бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі жария болды
Келесі жаңалық
Үйлену жағынан көш басында тұрған қала анықталды