Жаңалықтар

Универсиада-2023: Қазақстандық шаңғышы төртінші орынды иеленді

Ксения Шалыгина мәреге небәрі 3.3 секунд кешігіп қалды
Универсиада-2023: Қазақстандық шаңғышы төртінші орынды иеленді
Фото: Sports.kz 18.01.2023 05:19 1138

АҚШ-тың Лэйк-Плэсиде қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада қазақстандық шаңғышы Ксения Шалыгина төртінші орынды иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Универсиаданың ресми сайты жариялаған мәліметке сүйенсек, Шалыгина бес шақырымға классикалық үлгіде жекелей сында бақ сынаған. Сайыста фин спортшысы Хилла Ниемела 13:20.8 нәтижесімен бірінші келді. Шалыгина мәреге сызығына 25.5 секундқа кешікті. Ал қоладан медаль таққан италиялық шаңғышы Мария Боккардиден отандық спортшымыз небәрі 3.3 секундқа қалып қойды.

Еске сала кетейік, қысқы Универсиада ойындарында биыл ел намысын қорғауға 78 спортшы аттанды. Атап айтқанда, шаңғымен жарысудан - 14, шорт-тректен - 12, биатлоннан - 9, мәнерлеп сырғанау мен конькимен жүгіруден - 6, сноуборд, тау шаңғысы спорты, тұғырдан секіру мен қоссайыстан - 2, шайбалы хоккейден 23 қазақстандық студент ел намысын қорғайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға