Универсиада-2023: Қазақстан құрамасы алғашқы алтынды иеленді

Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы
Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы
31.07.2023 18:19
945
Қазақстан құрамасы жазғы Универсиадада алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан студенттер ойындарында таеквондошы Рита Бакишева жеңімпаз атанды. 46 келінің финалында ол Қытайлық Тайбей өкілі Хуань Инь Суаньді жеңді.
Оқи отырыңыз:
- Атырауда Мұстафа Өзтүрік атында көше пайда болды
- Теннисші Денис Евсеев Президент кубогының иегері атанды
Осылайша, Қазақстанның Универсиададағы жүлде саны 11-ге жетті. Алтыннан бөлек қоржынымызда бес күміс және бес қола медаль бар.
Универсиада 8 тамызға дейін жалғасады. Бұл жарыста құрамамыз 10 спорт түрінен бақ сынап жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Полицияның қызметі мен рөлі қалай өзгеріп жатыр
Келесі жаңалық
Баласы үшін 100-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды